РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-5/258 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6681 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекетітк тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
Г.Әбілова |