Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талшықты-оптиқалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 6,0852 гектар жер учаскелерін алып қоймайстан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатына жер учаскесін пайдаланган кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.З. Мұқатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е.Баяхметов |