Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 қазандағы № а-10/502 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 қазанда № 7452 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талшықты-оптиқалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 6,0852 гектар жер учаскелерін алып қоймайстан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатына жер учаскесін пайдаланган кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.З. Мұқатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е.Баяхметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады