"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2019 жылғы 12 ақпандағы № А-2/39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7082 болып тіркелді, 2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Каиржанов |