Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 15.11.2019 № А-11/308 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В. Курушинге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Едігенов |
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "12" ақпандағы № А-2/39 қаулысымен бекітілген |
Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы | Орналасу орындары |
1 | Ақкөл қаласы |
Уәлиханов көшесі, жексенбілік базар ауданы; |
2 | Еңбек ауылы | Студенттер көшесі, "Влад" және "Светлана" дүкендерінің арасында |
3 | Урюпин ауылы | Кеңесары көшесі, Ақкөл аудандық білім бөлімінің "Урюпин орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің қарама-қарсы аймағы |
4 | Қына ауылы | Тәуелсіздік көшесі, "Айгуль" дүкенінің ауданы |
5 | Қарасай ауылы | Алтынсарин көшесі, "Мега" дүкенінің ауданы |
6 | Жылғызқарағай ауылы | Кирдищев көшесі, 14 |
7 | Азат ауылы | Алаш көшесі, "Мадина" және "Продукты" дүкендерінің арасында |
8 | Наумов ауылы | Алтынсарин көшесі, орталық алаңының ауданы |
9 | Новорыбин ауылы | Құсайынов көшесі, "Фортуна" дүкені және "Халық жері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимараты арасында |
10 | Домбыралы ауылы | Алаш көшесі, "Бриз" дүкенінің ауданы |