Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 ақпандағы № 37/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 ақпанда № 7075 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 52/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 12.03.2020 № 52/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6912 тіркелген, 2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
И.Слободянюк
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Қ.Шедербеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы
ауданының әкімі
Т.Мұханбеджанов

      2019 жылғы 21 ақпан

 
  Аршалы аудандық мәслихатының
2019 жылғы 21 ақпандағы
№ 37/2 шешіміне қосымша

Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аршалы ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3. "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырады.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Ереженің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.

      Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады, мыналарды қоспағанда:

      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беретін отбасыларды (азаматтарды);

      еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқу нысанында оқымайтын, әскерде мерзімді қызмет етпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген (медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтімді жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) отбасыларды (азаматтарды).

      Аса көтерілген немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға апарып соқтыратын көрінеу күмәнді мәлімет ұсынған кезде, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.

      5. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      6. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тиісті қаржы жылына аудан бюджетінде көзделген қаржы шегінде жүргізіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептейді.

      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы мақсаттарға отбасының (азаматтың) коммуналдық қызметтерге жұмсаған шығыстарының нормалары мен шекті жол берілетін сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

      9. Отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 11 % мөлшерінде:

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін.

      10. Жекешелендiрiлген тұрғын жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.

      11. Өтемақы шараларына жататын тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға 18 шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларына жататын тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр болып қабылданады.

      12. Жылумен қамтамасыз ету, кәріз, қоқысты шығару және сумен қамтамасыз ету қызметтерін тұтыну жөніндегі шығыстар үшін өтемақы коммуналдық қызмет жеткізушілері ұсынған төлем құжаттарының негізінде алдынғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша төленеді.

      13. Өтемақы шараларына жататын, электр қуатының шығысы нормасына айына бір адамға 101 киловатт/сағат болып қабылданады.

Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе

Решение Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 21 февраля 2019 года № 37/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 февраля 2019 года № 7075. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 12 марта 2020 года № 52/4

      Сноска. Утратило силу решением акима Аршалынского района Акмолинской области от 12.03.2020 № 52/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Аршалынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу решение Аршалынского районного маслихата "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи в Аршалынском районе" от 7 декабря 2018 года № 31/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6912, опубликовано 19 декабря 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
И.Слободянюк
      Секретарь
районного маслихата
К.Шедербеков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким
Аршалынского района
Т.Муханбеджанов

      21 февраля 2019 года

 
  Приложение
к решению Аршалынского
районного маслихата
от 21 февраля 2019 года
№ 37/2

Порядок и размер оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе 1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим на территории Аршалынского района.

      2. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) и/или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Аршалынского района" (далее - уполномоченный орган) осуществляет назначение жилищной помощи в соответствии с Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (далее - Правила).

      4. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) предоставляет документы в соответствии с пунктом 4 Правил.

      Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал с месяца подачи документов, при этом совокупный доход семьи (гражданина) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал, за исключением:

      семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем);

      семей (граждан), трудоспособные члены которых не работают, не учатся на дневной форме обучения, не проходят срочную службу в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе в качестве безработных (кроме граждан, осуществляющих уход за лицами, нуждающимися в уходе, согласно заключению медико-социальной экспертной комиссии).

      При предоставлении заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.

      5. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

      6. Финансирование выплат жилищной помощи производится в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на соответствующий финансовый год.

2. Размер оказания жилищной помощи

      7. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством.

      8. Размер жилищной помощи определяется как разница между суммой, затраченной на расходы за потребленные коммунальные услуги в пределах норм и предельно допустимых расходов семьи (гражданина) на эти цели.

      9. Доля предельно допустимых расходов семьи (гражданина) устанавливается в размере 11 % к совокупному доходу семьи (гражданина) на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      10. Оплата на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде и за потребление коммунальных услуг сверх установленной нормы площади, производится на общих основаниях.

      11. За норму площади жилья, подлежащую компенсационным мерам, принимается 18 квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан, за норму площади жилья, подлежащую компенсационным мерам, принимается 30 квадратных метров.

      12. Компенсация за расходы по потреблению услуг теплоснабжения, канализации, мусороудаления и водоснабжения производится по фактическим затратам за предыдущий квартал на основании платежных документов, предъявленных поставщиками коммунальных услуг.

      13. За норму расхода электрической энергии, подлежащей компенсационным мерам, принимается 101 киловатт/час на одного человека в месяц.