Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 ақпандағы № 37/2 "Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 52/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 7720 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2019 жылғы 21 ақпандағы № 37/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 тіркелген, 2019 жылғы 04 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Байгожин
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
К.Шедербеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады