Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Аршалы ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Қ.Шедербеков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Шедербеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аршалы ауданының әкімдігі |