Атбасар ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № а-3/100 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 7095 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № а-1/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 10.01.2022 № а-1/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атбасар ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының
әкімі
А.Қалжанов

Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Атбасарском районе

Постановление акимата Атбасарского района Акмолинской области от 4 марта 2019 года № а-3/100. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 марта 2019 года № 7095. Утратило силу постановлением акимата Атбасарского района Акмолинской области от 10 января 2022 года № а-1/3

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атбасарского района Акмолинской области от 10.01.2022 № а-1/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14010), акимат Атбасарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Атбасарском районе со списочной численностью работников:

      от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района, курирующего данный вопрос.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Атбасарского
района
А.Калжанов