Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-50-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қаңтарда № 7058 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 6С-69-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.07.2020 № 6С-69-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 1 қазан - Қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.";

      8 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      ай сайын 100 пайыз мөлшерінде коммуналдық қызметтерге, қатты отынға, байланыс қызметтеріне, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жеткізушілердің ұсынылатын қызмет тізіліміне сәйкес;";

      8 тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";

      8 тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы адамдар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еткен жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";

      8 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен мөлшерде жиынтығында зейнетақы төлемдер алатын зейнеткерлер - Қарттар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";

      8 тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6) 1, 2, 3 топ мүгедектері және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші адамдар – Мүгедектер күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";

      8 тармақ келесі редакциядағы 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар арасынан, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне орай, жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";

      "12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандығын растайтын құжаттың негізінде, босатылғаннан кейін үш ай мерзімінен кешіктірмей, он бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Мұқанова
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының
әкімі
Н.Сейілов

      24 января 2019 года

О внесении изменений и дополнений в решение Астраханского районного маслихата от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района"

Решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 24 января 2019 года № 6С-50-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 30 января 2019 года № 7058. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 13 июля 2020 года № 6С-69-3

      Сноска. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 13.07.2020 № 6С-69-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Астраханского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района" от 26 августа 2016 года № 6С-8-7 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5546, опубликовано 6 октября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Астраханского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) 15 февраля – День вывода Советских войск из Афганистана;

      2) 9 мая - День Победы;

      3) 1 октября - День пожилых;

      4) второе воскресенье октября - День инвалидов.";

      подпункт 1) пункта 8 изложить в новой редакции:

      "1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны – без подачи заявления ежегодно ко Дню Победы в размере по согласованию с местным исполнительным органом области;

      ежемесячно на расходы за коммунальные услуги, твердое топливо, услуги связи в размере 100 процентов, согласно реестров, предоставленных поставщиками услуг, путем перечисления на лицевые счета получателей;";

      подпункт 3) пункта 8 изложить в новой редакции:

      "3) лица, приравненные к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны - без подачи заявления ежегодно ко Дню Победы в размере по согласованию с местным исполнительным органом области;";

      подпункт 4) пункта 8 изложить в новой редакции:

      "4) другие категории лиц, приравненые к участникам Великой Отечественной войны и лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - ко Дню Победы без подачи заявления в размере по согласованию с местным исполнительным органом области;";

      подпункт 5) пункта 8 изложить в новой редакции:

      "5) пенсионеры, получающие пенсионные выплаты в совокупности ниже прожиточного минимума - ко Дню пожилых без подачи заявления в размере по согласованию с местным исполнительным органом области;";

      подпункт 6) пункта 8 изложить в новой редакции:

      "6) инвалиды 1, 2, 3 групп и лица, воспитывающие ребенка-инвалида до 18 лет – ко Дню инвалидов без подачи заявления в размере по согласованию с местным исполнительным органом области;";

      пункт 8 дополнить подпунктами 11), 12) в следующей редакции:

      "11) лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, из числа участников боевых действий в Афганистане без подачи заявления ежегодно ко Дню вывода Советских войск из Афганистана в размере по согласованию с местным исполнительным органом области;";

      "12) лица, освобожденные из мест лишения свободы в размере одиннадцати месячных расчетных показателей на основании подтверждающего документа о нахождении в местах лишения свободы в срок не позднее трех месяцев после освобождения.".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Астраханского районного
маслихата
Г.Муканова
      Секретарь Астраханского
районного маслихата
М.Қожахмет

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Астраханского
района
Н.Сеилов

      24 января 2019 года