РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Егіндікөл ауылының бюджеті туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С31-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған Егіндікөл ауылының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 63 284,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 26 076,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 37 208,0 мың теңге;
2) шығындар – 69 528,0 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 244,0мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 244,0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 6 244,0 мың теңге.";
3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"3. Егіндікөл ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін:
2019 жылға 12 933,0 мың теңге сомасында;
2020 жылға 5 267,0 мың теңге сомасында;
2021 жылға 5 006,0 мың теңге сомасында.";
4-1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4-1. Егіндікөл ауылының 2019 жылға арналған бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:
1) 2 932,0 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
2) 1 343,0 мың теңге – мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге.";
көрсетілген шешімінің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Қ.Достенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Егіндікөл ауылының әкімі | А.Башенов |
2019 жылғы 27 маусым
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 6С35-3 шешіміне қосымша |
|
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С31-2 шешіміне 1 қосымша |
Егіндікөл ауылының 2019 жылға арналған бюджеті
Санаты | мың теңге сома | |||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
Атауы | ||||
I. Кірістер | 63284,0 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 26076,0 | ||
01 | Табыс салығы | 8081,0 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 8081,0 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 17995,0 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 92,0 | ||
3 | Жер салығы | 629,0 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 17274,0 | ||
4 | Трансферттер түсімі | 37208,0 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 37208,0 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 37208,0 |
Функционалдық топ | мың теңге сома | |||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
Атауы | ||||
II. Шығындар | 69528,0 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 23445,0 | ||
01 | 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 23445,0 | |
01 | 123 | 001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 23445,0 |
06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 2512,0 | ||
06 | 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 2512,0 | |
06 | 123 | 003 | Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету | 2512,0 |
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 20917,0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 20917,0 | ||
07 | 123 | 008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 7958,0 |
07 | 123 | 011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 12959,0 |
12 | Көлiк және коммуникация | 22214,0 | ||
12 | 124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 22214,0 | |
12 | 123 | 013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 22214,0 |
13 | Басқалар | 440,0 | ||
13 | 123 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 440,0 | |
13 | 123 | 040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 440,0 |
III. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0,0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0,0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | |||
IV. Бюджет тапшылығы (профициті) | -6244,0 | |||
V. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 6244,0 | |||
Қарыздар түсімі | 0,0 | |||
Қарыздарды өтеу | 0,0 | |||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 6244,0 |