РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Біржан сал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № а-6/196 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6671 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т.Сабыровақа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Нұғыманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Біржан сал ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі |