Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Кварц құмын барлауға іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Біржан сал ауданы Краснофлот ауылының әкімшілік шекарасында орналасқан "Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 119,0 гектар жер учаскелерін алып қоймастан 1 (бір) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Кварц құмын барлауға іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары К.Д. Шәймерденовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Нугманов |