Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2020 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т.Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Нугманов |
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "26" қарашадағы № а-12/309 қаулысына 1 қосымша |
2020 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | "Казгер-Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 247 | 0,4 |
2 | "ПО "Кокше-Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 213 | 1 |
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "26" қарашадағы № а-12/309 қаулысына 2 қосымша |
2020 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Белгіленген квота мөлшері (%) |
1 | Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Степняк су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 66 | 1,5 |
2 | "Казгер-Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 247 | 0,4 |
3 | "КазГер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 113 | 0,9 |
4 | "ПО "Кокше-Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 213 | 0,5 |