РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің "Жарқайың ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № А-6/153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6693 тіркелген, 2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | М.Балпан |