Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 13-95 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5756 тіркелген, 2017 жылғы 3 наурызда "Зерделі-Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";
4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. Осы Қағидаларының мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.".
7 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (бір рет);";
9 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандардың қатарынан тұлғаларға;";
9 тармақтың 9) тармақшасының 7 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
"аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын колледж студенттеріне оқу орнымен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, және төлеу туралы квитанциялары негізінде оқу шығындарын 100 пайызға өтеу;";
9 тармақтың 10) тармақшасының 5 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
""Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 тіркелген) тізбесіне енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.";
11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мындай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.";
12, 14 тармақтар алынып тасталсын;
7 тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) 1-2 қаңтар - Жаңа жыл (бір рет).";
9 тармақ келесі мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) 1-2 қантар - Жаңа жылға:
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;";
9 тармақтың 9) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жолақы құнын 100 пайыз төлеу мөлшерінде, бір рет;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде 6 айдан кем емес жұмыс өтілі аңықталған тұлғалар, еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне өтініштің берілген күніне сәйкес кезек бойынша, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы, сатып алынған сауықтыру үшін жолдама;
атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан көп балалы отбасыларға, жолаушылар көлігінің ауылдық маршрутының жолақысын төлеу үшін, аналарға - жол жүру үшін 100 пайыздық төлеу, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жол жүру құнының 50 пайызы, билеттерді ұсыну бойынша, ай сайын.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И.Поздняков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімдігі |