РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданы Раевка ауылдық округінің Раевка ауылының шекаралары (шегі) қосымшаға сәйкес алаңдарда белгіленсін.
2. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі |
Г.Сәдуақасова |
Шортанды аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
В.Волокитин |
Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы |
Д.Отаров |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № А-2/37 бірлескен қаулысы мен Шортанды аудандық маслихатының 2019 жылғы 27 ақпандағы № С-38/3 шешіміне қосымша |
Шортанды ауданы Раевка ауылдық округі Раевка ауылы жерлерінің экспликациясы
Гектар |
Жал |
Ауыл шаруа | Жайылымдар | Егістік | Су астында | Жолдар астында | Құрылыс астында |
Бас | |
Барлығы | Түбегейлі жақсартылған | |||||||
2027,0 | 1770,0 | 1770,0 | 456,0 | 0 | 57,0 | 6,0 | 138,0 | 56,0 |