РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданы әкімдігінің "Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № а-12/518 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7019 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Қарауылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Бурабай ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі |