Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Брабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № а-12/518 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қаңтарда № 7019 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № а-5/174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 06.05.2019 № а-5/174 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұратовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Қарауылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Ақмола
облысының полиция департаменті
Бурабай ауданының полиция
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ө.Б.Бейсенов

      "29" желтоқсан 2018 жыл

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "29" желтоқсандағы
№ а-12/518 қаулысына
қосымша

Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Бурабай ауданы әкімінің алғыс хаты.

      2. Ақшалай сыйақы.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      3. Осы тәртіп Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

      5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Бурабай ауданының полиция бөлімі" (бұдан әрі – ПБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ПБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрық шығарылады.

      9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Бурабай ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен білгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады