2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 4,9944 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары У.М. Ғабдуллинге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | А.Муздыбаев |