Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 106/414 бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6020 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Л. Тоқжановқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Облыс әкімі | О. ОРАЗАЛИН |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Б. БЕРКІМБАЕВ |