Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 106/414 "Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы" бірлескен қаулысының және шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 130 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 416 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 6069 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 106/414 бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6020 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Л. Тоқжановқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енгізіледі.

      Облыс әкімі О. ОРАЗАЛИН
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Б. БЕРКІМБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады