Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 126 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 6085 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 05.07.2023 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5907 тіркелген, 2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесінде:

      орыс тіліндегі 1-тармаққа өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тасымалдаушының кірісі жолаушыларды тасымалдаудан алдағы кезеңдегі ақшалай түсімдер сомасынан, тиісті вагонның, поездың түрі бойынша поезда жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістері сомасының 1% құрайтын өзге қызметтерден түсетін қосымша кірістерден құралады және мынадай формула бойынша анықталады:

      Dтасым=Dжүру+Dқос.кіріс

      мұндағы:

      D тасым = жолаушыларды тасымалдау кірістері;

      D жүру = тиісті вагонның, поездың түрі бойынша поезда жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;

      D қос.кіріс = жоспарлы кезеңге тиісті вагонның, поездың түрі бойынша жолаушылар тасымалдаудан түскен кірістер сомасының 1% құрайтын басқа қызметтерден түсетін қосымша кірістер;

      Кіріс түсімдерінің қалыптасуы вагондардың түрлеріне, поездың санатына, қатынастың түріне, жол жүру қашықтығына, тасымалданған жолаушылар және жолаушылар айналымының мөлшеріне байланысты. Жолаушылар және жүрдек поездарында жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс (жол жүру құны) билет және плацкарт бөлігінен тұрады.

      Жолаушыларды белгілі бір бағыт және вагондардың түрлері бойынша тасымалдаудан түскен кірісті есептеу мына формула бойынша анықталады:

      Dжол жүру=[(Di-1жол жүру/kққс)/VW i-1жол/км]*VQiжол/км

      мұндағы:

      D жол жүру – вагонның, поездың тиісті түріндегі поезд бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;

      Di-1жүру – алдыңғы кезең үшін "Экспресс-3" автоматтандырылған басқару жүйесінің деректері бойынша поездың, вагонның тиісті түрінің барлық жүру жолында плацкарт бойынша және Қазақстан Республикасының шекарасында билеттер бойынша кіріс түсімдерінің сомасы;

      VWi-1 жол/км – алдыңғы кезең үшін поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;

      VQ жол/км – жоспарланған кезеңдегі поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымының сомасы;

      kққс – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосымша құнға салық коэффициенті.

      Жаңа поезд тағайындалған кезде жолаушылар тасымалының жоспарлы көлемін және жолаушылар айналымын анықтау үшін:

      "тасымалдаудың орташа қашықтығы" көрсеткіші тасымалдау жолы ұзақтығының жартысы ретінде анықталады;

      "жолаушылар саны" көрсеткіші жоспарланатын құрамдылығына сәйкес ұсынылатын орындар санынан 50% толуы ретінде анықталады.

      Жаңа поезд тағайындалған кезде жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістерді есептеу жолаушының жол жүруінің орташа қашықтығы арқылы анықталады:

      D жүру=[(Pжүру/kққс)*Vi тасымал/VW i жол/км]*VQ iжол/км

      мұндағы:

      D жүру – вагонның, поездың тиісті түріндегі поезд бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер сомасы;

      P жүру – вагонның тиісті түрінде жолаушыларды тасымалдаудың орташа алыстығына байланысты белгіленген Қазақстан Республикасының шекарасындағы билет бойынша жүрудің орташа құны;

      Vi тасымал – жоспарланған кезеңге поездың, вагонның тиісті түрінде Қазақстан Республикасының шекарасында тасымалданған жолаушылардың саны;

      VWi жол/км – алдыңғы кезеңдегі поездың, вагонның тиісті түрінде Қазақстан Республикасының шекарасында тасымалданған жолаушылар айналымы сомасы;

      VQ i жол/км – жоспарланған кезеңге поездың, вагонның тиісті түрінің Қазақстан Республикасы шекарасындағы жолаушылар айналымы сомасы.

      Қосымша құнға салық бойынша дебеттік сальдо кіріс болып танылады.".

      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С. Т. Төленбергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      Экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _____________Н. Айдапкелов

      20__ жылғы "___" ___________

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 марта 2018 года № 154 "Об утверждении Методики определения объемов субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок"

Постановление акимата Актюбинской области от 3 апреля 2019 года № 126. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 9 апреля 2019 года № 6085. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 5 июля 2023 года № 173

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 05.07.2023 № 173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 июля 1997 года № 1114 "Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об особенностях правового регулирования деятельности предприятий, учреждений и организаций железнодорожного транспорта" и пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Актюбинской области от 29 марта 2018 года № 154 "Об утверждении Методики определения объемов субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5907, опубликованное 20 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующие изменения:

      преамбулу указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике", постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 июля 1997 года № 1114 "Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об особенностях правового регулирования деятельности предприятий, учреждений и организаций железнодорожного транспорта", акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Методике определения объемов субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящая Методика определения объемов субсидирования расходов перевозчиков, связанных с осуществлением железнодорожных пассажирских перевозок (далее – Методика) разработана в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 июля 1997 года № 1114 "Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об особенностях правового регулирования деятельности предприятий, учреждений и организаций железнодорожного транспорта", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 167 "Об утверждении методики определения объемов долгосрочного субсидирования расходов перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11541 и устанавливает принципы экономической целесообразности и порядок расчета объемов субсидирования пассажирских перевозок железнодорожным транспортом на возмещение расходов, возникающих при осуществлении перевозок.";

      в пункт 7 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется.

      2. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде и периодических печатных изданиях;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актюбинской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Актюбинской области Туленбергенова С. Т.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области О. Уразалин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Председатель Комитета по статистике

      Министерства национальной экономики

      Республики Казахстан

      _______________ Н. Айдапкелов

      "____" _____________ 2019 года