Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шұбарши ауылдық округі таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес,Саркөл ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 15248 гектар таратылатын Шұбарши ауылдық округінің аумағы, соның ішінде Шұбарши кентін қоса отырып өзгертілсін.
Жалпы көлемі 155791 гектар Саркөл ауылдық округінің шекаралары жалпы көлемі 15248 гектар Шұбарши кентіндегі әкімшілік орталығымен қоса белгіленсін.
3. Темір ауданының әкімі "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"мемлекеттік мекемесімен біргеосы бірлескен әкімдіктің қаулысынан және мәслихаттың шешімінен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Ақтөбе облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
5. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
6. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
7. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Ж. Мухамбетпаизова |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. Калдыгулова |