Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 5590 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 2055 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 мамырда № 6168 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 5590 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-204 тіркелген, 2018 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ұ. Мыңбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі І. Испанов

О признании утратившим силу постановления акимата города Актобе от 7 сентября 2018 года № 5590 "Об определении единого организатора государственных закупок и перечня работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором"

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 8 мая 2019 года № 2055. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 20 мая 2019 года № 6168

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Актобе ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата города Актобе от 7 сентября 2018 года № 5590 "Об определении единого организатора государственных закупок и перечня работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-1-204, опубликованное 21 сентября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      2. Государственному учреждению "Отдел государственных закупок города Актобе" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде и периодических печатных изданиях;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Актобе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Актобе У. Мынбаева.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города И. Испанов