Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 5590 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-204 тіркелген, 2018 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ұ. Мыңбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | І. Испанов |