Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 17.06.2020 № 416 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 37 "Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5005 тіркелген, 2016 жылғы 02 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасының:
3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
"Целинник" мәдениет үйінің алаңынан бастап, Т. Жүргенов көшесі бойымен Ы. Алтынсарин көшесіне, Комсомол ауылындағы орналасқан орталық саябақ алдындағы алаң.";
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының:
3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Шествия и демонстрации проходят по маршруту:
от площади дома культуры "Целинник", по улице Т. Жургенова на улицу Ы. Алтынсарина, площадь перед центральным парком села Комсомольское.";
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасының:
5 тармақ 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлік және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;".
2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. А. Дошаев |
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Б. Таңсықбаев |