Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 37 "Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 288 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 6156 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 416 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 17.06.2020 № 416 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 37 "Әйтеке би ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5005 тіркелген, 2016 жылғы 02 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасының:

      3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:

      "Целинник" мәдениет үйінің алаңынан бастап, Т. Жүргенов көшесі бойымен Ы. Алтынсарин көшесіне, Комсомол ауылындағы орналасқан орталық саябақ алдындағы алаң.";

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының:

      3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Шествия и демонстрации проходят по маршруту:

      от площади дома культуры "Целинник", по улице Т. Жургенова на улицу Ы. Алтынсарина, площадь перед центральным парком села Комсомольское.";

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасының:

      5 тармақ 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлік және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;".

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
А. А. Дошаев
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Б. Таңсықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады