Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 16 қазандағы № 2-7/128 ұсынысына сәйкес, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі Құмқұдық ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында сарып ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 5 "Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі Құмқұдық ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-155 тіркелген, 2018 жылдың 22 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Әйтеке би ауданының "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Орынбеков |