Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 11.11.2019 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекциясының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 2-7/30 ұсынысының негізінде, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округінің Құмқұдық ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құмқұдық ауылдық округінің әкімі: | М. К. Алибаев |