Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарықобда селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 мамырдағы № 1 қазақ тіліндегі "Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-83 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 шілдеде "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарықобда, Болгарка ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Сарықобда ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Сарықобда ауылдық округінің әкімі | А. Есенжанов |