Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Сарықобда ауылдық округі әкімінің 18.07.2019 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарықобда, Болгарка ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы Сарықобда ауылдық округі әкімінің 18.07.2019 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Сарықобда ауылдық округіне қарасты төмендегі елді мекендерге көше атаулары берілсін.
Сарықобда ауылының көшелеріне:
№ 1 көшеге Әлия Молдағұлова,
№ 2 көшеге Жастар,
№ 3 көшеге Орталық
Болгарка ауылының көшелеріне:
№ 1 көшеге Кердері Әбубәкір
№ 2 көшеге Орталық
№ 3 көшеге Жұмысшы
№ 4 көшеге Қарымсақ Теңізбаев
№ 5 көшеге Достық
№ 6 көшеге Желтоқсан
№ 7 көшеге Тәуелсіздік
№ 8 көшеге Жағалау
№ 9 көшеге Ерлік
№ 10 көшеге Жастар
№ 11 көшеге Наурыз
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарықобда ауылдық округінің әкімі | Н. Жариков |