Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 2-17/237 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжар ауылдық округінің Жаныс би ауылы Достық көшесінде, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген, 2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Ізбасарова |