Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 33 "Бадамша ауылының жерін сату мақсатында аймақтарға бөлу сұлбасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-56 тіркелген, 2008 жылғы 22 қаңтарда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Н. Смолинец |
Аудандық мәслихат хатшысы | Н. Заглядова |