Бадамша ауылының жерін сату мақсатында аймақтарға бөлу сұлбасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 33 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 8 қаңтарда N 3-6-56 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 339 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 03.04.2019 № 339 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Бадамша ауылының сату мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу сұлбасы, шекаралары және 1 шаршы метр жер құнының базалық ставкісіне түзету коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы

хатшысы

Ә.Бахонов

Ж.Құлманов


  Аудандық
мәслихаттың 2007 жылғы
13 желтоқсандағы № 33 шешіміне
ҚОСЫМША

Қарғалы ауданының Бадамша ауылының жерлерін сату мақсатында аймақтарға бөлу

Аймақ нөмірі

ҚР Жер кодексін ескере отыра істелген түзету коэффициенттері

1

2

I

2.0

II

1.5

III

1.0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады