Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 62 "2019 жылға Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-216 тіркелген, 2019 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының қазақ тіліндегі 1 тармағындағы "санынының" сөзі "санының" сөзімен ауыстырылсын.
2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Кенжеханұлы |