Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 13.03.2019 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шелдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлкекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Хромтау ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4934 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбында және 1 тармағында "және ветеринария" сөздері ", ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Хромтау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Хромтау аудандық маслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрайымы | Ж. Камбаров |
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Мулдашев |