Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 30.12.2021 № 177 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 39–3 бабтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Хромтау ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 159 "Хромтау ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3829 тіркелген, 2014 жылғы 3 сәуірде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Нуримов |
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Д. Мулдашев |
Хромтау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 шешімімен бекітілген |
Хромтау ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Осы, Хромтау ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң Қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 39-3 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгі тәртiбiн белгiлейдi.
2. Хромтау ауданының аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтердiң аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi-бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
1. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
2) жергiлiктi қоғамдастық - шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;
3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер - реттелуi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қызметiнiң мәселелерi.
2. Бөлек жиынның өкілеттіліктері
4. Бөлек жиынға қатысушылар күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды:
1) аудан мәслихатына, ауданның, аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
3) аудан мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
4) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
3. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
5. Бөлек жиын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмі шақырады.
Хромтау ауданы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
6. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
7. Ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың және ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.
8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
9. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
10. Бөлек жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары жасы 18-ден асқан, әрекет қабілеттігі бар, сотталмаған, әкімшілік–аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты тіркелген азаматтардың әр 100 адамнан 1 адам құрамында бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Бөлек жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
11. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
12. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
13. Бөлек жиыны оған осы аумақта тұратын және қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Бөлек жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда бөлек жиыны оған ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында сайланған өкілдерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
4. Бөлек жиынының шешімі
14. Бөлек жиынының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімідері бөлек жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімідерінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.
15. Бөлек жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады.
Қажет болған жағдайда бөлек жиынының қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.
5. Қорытынды ереже
16. Бөлек жиын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.