Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 31 қазандағы № 15-4/1218 ұысынысы негізінде, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданының Абай ауылдық округі Шифер база нүктесінде орналасқан "Еркин" шаруа қожалығында, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-170 тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Абай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкімі | А. Мустафин |