Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 "Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5731 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шалқар аудандық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Алибековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Қаниев |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 82 қаулысына қосымша | |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 қаулысымен бекітілген |
Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көтермелеудің тәртібі
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шалқар ауданының әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Шалқар аудандық ПБ* бастығы ұсынады.
4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысы ПД* бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Шалқар аудандық ПБ жүргiзіледі.
8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.
Ескертпе: қысқарған сөздердің толық жазылуы:
* ПБ – Полиция бөлімі
* ПД – Полиция департаменті