Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 13.07.2020 № 510 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 282 "Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-13-221, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауында және мәтініндегі "коммуналдық қызметтерге" сөздері, "бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге" сөздерімен ауыстырылсын;
"3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері" тарауының 7 тармағындағы "12025 (он екі мың жиырма бес) теңге" сөздері, "5 (бес) айлық есептік көрсеткіш" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Былқайыр |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |