Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 20.10.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 135 "Шалқар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 5688, 2017 жылғы 16 қарашадағы аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Былқайыр |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 335 шешіміне қосымша | |
Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 135 шешімімен бекітілген |
Шалқар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу орташа жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,66 |
Жайлы емес үйлер | 1,96 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,37 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,40 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,27 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,32 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,07 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,91 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,08 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,40 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,06 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,12 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,40 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,59 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,48 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,48 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,18 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,23 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,19 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 0,62 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,27 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,81 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,74 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,55 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,94 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,07 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,47 |