Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 135 "Шалқар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 335 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 мамырда № 6137 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 20 қазандағы № 111 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 20.10.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 135 "Шалқар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 5688, 2017 жылғы 16 қарашадағы аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ж. Былқайыр
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 335 шешіміне қосымша
  Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 135 шешімімен бекітілген

Шалқар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу орташа жылдық нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,66

Жайлы емес үйлер

1,96

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,37

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,40

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,27

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,32

6

Емханалар

1 келіп кету

0,07

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,91

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,08

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,40

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,06

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,12

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,40

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,59

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,48

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,48

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

1,18

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,10

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

1,23

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,19

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,62

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,27

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,81

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,74

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,55

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,45

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,94

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,07

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0,47


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады