Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 192 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 197 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 27 мамырда № 5142 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3846 тіркелген, 2016 жылдың 4 шілдесінде "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) қаулының атауы жаңа редакцияда жариялансын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      2) 7-қосымшамен толықтырылсын және 1-тармағы келесі редакцияда жариялансын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларға сәйкес айқындалсын.".

      2. "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Алматы облыс әкімдігінің 2019 жылғы "__" _____ № _____ қаулысына № 7- қосымша

Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы мамандарының лауазымдарының тізімі

Лауазымның атауы

1

Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы (директор)

2

Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысының орынбасары (директор орынбасары)

3

Ормандарды сақтау және қорғау жөніндегі бас инженер (табиғи жүйелерді қауіпсіздік және қорғау инженері)

4

Бас ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман шаруашылығының инженері)

5

Бас аңшы

6

Орман шаруашылығы базалық қызметтерінің барлық мамандықтарының инженері

7

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженер

8

Аңшы

9

Орманшылықтын басшысы (орманшы)

10

Орманшылық басшысының орынбасары (орманшының көмекшісі)

11

Орман питомникінің басшысы

12

Орман шебері (бөлігі)

13

Орман күтуші (инспекторы)

14

Орман өрт сөндіру бастығы

15

Механик

16

Бас есепші

17

Есепші

18

Экономист

19

Кадр бойынша инспекторы

20

Заңгер (кеңесші)

21

Референт

22

Барлық атаулардың техниктары

23

Бағдарламашы

24

Цех басшысы (жетекші)


О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Алматинской области от 14 апреля 2016 года № 192 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими работающих в сельской местности"

Постановление акимата Алматинской области от 21 мая 2019 года № 197. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 27 мая 2019 года № 5142

      В соответствии с подпунктом 2 статьи 18, пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 2 статьи 27, статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Алматинской области от 14 апреля 2016 года № 192 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими работающих в сельской местности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3846, опубликован 4 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      1) заголовок постановления изложить в новой редакции:

      "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими работающих в сельской местности";

      2) дополнить приложением 7 и пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими работающих в сельской местности согласно приложениям 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 к настоящему постановлению.".

      2. Государственному учреждению "Управление координации занятости и социальных программ Алматинской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Алматинской области;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйчтвенного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Алматинской области после его официального опубликования;

      4) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления представления в государственно-правовой отдел аппарата акима Алматинской области сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Л. Турлашова.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

  Приложение № 7 к постановлению акимата Алматинской области № ___ от "__" ___ 2019 г.

Перечень должностей специалистов лесного хозяйства, работающие в сельской местности

Наименование должности

1

Руководитель коммунального государственного учреждения лесного хозяйства (директор)

2

Заместитель руководителя коммунального государственного учреждения лесного хозяйства (заместитель директора)

3

Главный инженер по охране и защите леса (инженер по охране и защите природных комплексов)

4

Главный инженер по лесовосстановлению (инженер по воспроизводству лесов и лесоразведению)

5

Главный охотовед

6

Инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства

7

Инженер по охране труда и технике безопасности

8

Охотовед

9

Руководитель лесничества (лесничий)

10

Заместитель руководителя лесничества (помощник лесничего)

11

Начальник лесопитомника

12

Мастер леса (участка)

13

Лесник (инспектор)

14

Начальник лесной пожарной станции

15

Механик

16

Главный бухгалтер

17

Бухгалтер

18

Экономист

19

Инспектор по кадрам

20

Юрист(консультант)

21

Референт

22

Техники всех наименований

23

Программист

24

Руководитель(Заведующий) цехом