Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3846 тіркелген, 2016 жылдың 4 шілдесінде "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) қаулының атауы жаңа редакцияда жариялансын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
2) 7-қосымшамен толықтырылсын және 1-тармағы келесі редакцияда жариялансын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларға сәйкес айқындалсын.".
2. "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыс әкімдігінің 2019 жылғы "__" _____ № _____ қаулысына № 7- қосымша |
Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы мамандарының лауазымдарының тізімі
№ | Лауазымның атауы |
1 | Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы (директор) |
2 | Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысының орынбасары (директор орынбасары) |
3 | Ормандарды сақтау және қорғау жөніндегі бас инженер (табиғи жүйелерді қауіпсіздік және қорғау инженері) |
4 | Бас ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман шаруашылығының инженері) |
5 | Бас аңшы |
6 | Орман шаруашылығы базалық қызметтерінің барлық мамандықтарының инженері |
7 | Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженер |
8 | Аңшы |
9 | Орманшылықтын басшысы (орманшы) |
10 | Орманшылық басшысының орынбасары (орманшының көмекшісі) |
11 | Орман питомникінің басшысы |
12 | Орман шебері (бөлігі) |
13 | Орман күтуші (инспекторы) |
14 | Орман өрт сөндіру бастығы |
15 | Механик |
16 | Бас есепші |
17 | Есепші |
18 | Экономист |
19 | Кадр бойынша инспекторы |
20 | Заңгер (кеңесші) |
21 | Референт |
22 | Барлық атаулардың техниктары |
23 | Бағдарламашы |
24 | Цех басшысы (жетекші) |