"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан ауылдық округінің Ащыбұлақ ауылындағы "Садовая" көшесі "Алмалы" көшесіне, "8 Март" көшесі "8 Наурыз" көшесіне; Жүнісбай Қайыпов ауылындағы "Ақтұма-2" көшесі "Атамекен" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан ауылдық округінің әкімі | М. Сугирбеков |