Қазақстан ауылдық округінің Ащыбұлақ, Жүнісбай Қайыпов ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 24 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 13 қыркүйекте № 5230 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан ауылдық округінің Ащыбұлақ ауылындағы "Садовая" көшесі "Алмалы" көшесіне, "8 Март" көшесі "8 Наурыз" көшесіне; Жүнісбай Қайыпов ауылындағы "Ақтұма-2" көшесі "Атамекен" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан ауылдық округінің әкімі М. Сугирбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады