"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Чингисхан Мамановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданының әкімі | Р. Сатбаев |
Талғар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы " "__________ №______ қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге+3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге+50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге+250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден | 97 350 000 теңге+500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз |
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 247 350 000 теңге+1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз |