Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 08-460 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 14 тамызда № 5221 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Чингисхан Мамановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданының әкімі Р. Сатбаев

  Талғар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы " "__________ №______ қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге+3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге+50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге+250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден
1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге+500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз

Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге+1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады