"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 3-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 192 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20 тіркелген, 2019 жылғы 15 наурызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшаның 29 қатары
"
29 | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 350 | күндізгі | 28866,03 |
";
мынадай редакцияда жазылсын:
"
29 | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 294 | күндізгі | 28866,03 |
".
мынадай мазмұндағы 42 қатармен толықтырылсын:
"
42 | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу (инклюзив) | 32 | күндізгі | 50558,28 |
";
"
Жиынтығы | 2729 |
";
деген қатары мынадай редакцияда жазылсын:
"
Жиынтығы | 2705 |
".
2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 29 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
қала әкімі | Е. Айтаханов |